Date of publication: 23.05.2017 14:43
Date of changing: 23.05.2017 14:44

Павлодар облысы тұрғындарының назарына!!!

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кейінгі кездері бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда қаржы пирамидалары туралы жиі жазылып жатқандарына азаматтардың назарларын аударады.

Қазақстан аумағындағы қаржы пирамидалары (соның ішінде шетелдіктер) қазақстандықтардың қаражаттарын «ақшаларыңды салып көп пайда табыңдар» деп жар салып, алдау арқылы пайдаланып кетуде. Бұл компаниялардың бәрі заңсыз. Бұған дейінгі компаниялар халықтың миллиардтаған қаражаттарын «қалталарына басып», жабылып қалып жатыр. Біздің отандастар осындай алдаулардың құрбаны болып, банкіден несиелер алып, алтындарын, бағалы заттарын ломбардқа салып, немесе автокөлігін, үйлерін сатып, ақшаларын осы қаржы пирамидаларына салып пайда табамын деп, пайдасы түгіл салған ақшасынан айрылып, «көк тиынсыз» қалып жатыр.   

Әсіресе бір алданған адамның қайтадан тағы алданғанын түсіну қиын. Бұндай азаматтарды, осындай фирмалар жұмысы жүрмей қалған кезде, «сенің салған ақшаңды қайтара алмаймыз, тағы да сондай көлемде ақша салсаң екі есе қайтарамыз» ден сендіріп қайтадан қолға түсіреді.

         Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға сақ болуды ескертеді, күмән тудыратын қаржы мекемелеріне (немесе азаматтарға) қаражаттарыңызды (ақшаларыңызды) салмаңыздар. Бұл алаяқтық әдістер және Сіздерді ашықтан-ашық алдау!!!      Сенім телефоны: 8 (7182) 61-32-81

 

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 

 

 

Вниманию жителей Павлодарской области!!!

 

Департамент государственных доходов по Павлодарской области  информирует граждан о том, что в последнее время в средствах массовой информации и интернет-ресурсах часто пишут о так называемых финансовых пирамидах.

Финансовые пирамиды на территории Казахстана (в.т.ч. и иностранные) обманом выманивают денежные накопления казахтанцев. Все эти компании вне закона. Компании, которые были до этого, собрали миллиарды тенге с народа и закрылись. Наши соотечественники берут кредиты, сдают золото в ломбард, продают авто и дома, лишаются всего.

Когда система «перестает работать» доверчивым людям говорят о том, что деньги им не вернут, но если хотите, чтобы вернули, просят вложить столько же. И люди, поверив в обман и с надеждой вернуть свои кровные, снова вкладывают свои денежные средства и снова их теряют.

         Департамент государственных доходов просит всех наших граждан быть бдительными, не вкладывать свои деньги в сомнительные финансовые организации. Все это мошеннические схемы и Вас открыто обманывают !!!

 

Департамент государственных доходов по Павлодарской области