Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу тәртіптері мен тәсілдерді қолдануы
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 157 бабына сәйкес Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасатының жеткізеді (бұдан әрі-КТжСӨ).
КТжСӨ белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда мемлекеттік кірістер органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.
КТжСӨ бойынша берешектерді өндіріп алу үшін:
- Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарламаны жолдауы;
- берешек сомасына өсімпұл есептеуі;
- Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен КТжСӨ бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алуы жүзеге асырылады;
Мемлекеттік кірістер органдары КТжСӨ бойынша берешектерді төлемеген жағдайда өтеудің қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолданады:
- берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
Мынадай тәртіппен:
- берешекті өтеу туралы хабарлама берілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткеннен кейін төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;
- төлеуші дебиторларының шоттарынан. Төлеуші КТжСӨ бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген кеден органына дебиторлық берешектердің сомаларын көрсете отырып дебиторлардың тізімін және бар болған жағдайда дебиторлармен бірлесіп жасаған және дебиторлық берешек сомаларын растайтын өзара есеп айырысулардың салыстыру актілерін ұсынуға міндетті;
- өзара есеп айырысуды салыстыру актісі бар болған кезде кеден органы дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарламаны дебиторлар алған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу туралы инкассолық өкімдерді дебиторлардың банк шоттарына шығарады;
- төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.
Құрметті салық төлеушілер, Сіздерге мәжбүрлеп өндіріп алу тәртіптері мен тәсілдері қолданылмасын десеңіздер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді уақытылы және толық мөлшерде төлеулеріңізді өтінеміз.