Алдын ала кедендік декларациялауды қолдану туралы
«Ұлт жоспар – нақты 100 нақты қадам» жоспарын орындау барысындағы кеден саласындағы ең негізгі бағыттардың бірі болып экспорт пен импорт үшін құжаттар санын азайтып, оларды өңдеу уақытын қысқарту табылады.
Кеден заңнамасында кедендік бақылаудың уақытын азайтып сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызатын алдын ала кедендік декларациялау қаралған.
Шет елден енгізілетін тауарлар үшін Кедендік одақтың кедендік аймағына тауарлардың өзі кеденге нақты жетпесе де кедендік декларацияны алдын ала тапсыра беру мүмкіндігі қарастырылған.
Одан басқа, Кедендік одақтың кедендік аймағына әлі енбеген және ол тауар туралы өзінің ерекшеліктеріне байланысты толық мәлімет болмаған жағдайда, кеден органына ол тауар туралы мәліметті көрсетпей ақ, алдын ала кедендік декларация тапсыруға болады. Кедендік баж бен салықтарды тауарды шығармай тұрып төлеуге болады.
Кеден органдары, алдын ала кедендік декларациялауды қолданғанда тауарды шығару рәсімін бір жұмыс күнінен асырмай жасауы керек. Толығырақ www. pvl.kgd.gov.kz сайтында немесе Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жүгініп танысуға болады.