Date of publication: 03.10.2017 18:24
Date of changing: 03.10.2017 18:24

Салықтарды қалай төлейміз?

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2017 жылдың                    1-қаңтарынан бастап жеке тұлғалар мүлік және жер салықтарын келесі жылдың 1-қазанына дейін төлеуге міндетті, яғни 2017 жылдың салықтарын 2018 жылдың 1-қазанына дейін, 2018 жылдың салықтарын 2019 жылдың 1-қазанына дейін т.с.с.

Есептелінген салықтар туралы салық төлеуші жеке тұлғаға хабарлама жеткізу тәртіптері де өзгерді және Салық кодексінде келесідей тәртіптер қаралған: - 1) салық органдарының интернет-ресурстарында орналастыру; 2)коммуналдық қызметтер бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсету; 3) салық төлеушінің электронды поштасына жіберу; 4) салық төлеуші берген мобильді телефон нөмірі арқылы СМС-хабарлама жіберу.

Осы мақсатта, Салық кодексіне сәйкес, салық төлеуші жеке тұлғалар өзінің мобилді телефон нөмірін немесе электронды поштасын салық органдарына беруге құқылы.

Сонымен қатар, есептелген салықтар туралы хабарламаны 2018 жылдың 15-шілдесінен бастап «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) салық төлеушілер өздері келіп ала алады.

Яғни, салық органдары енді бұрынғыдай үй аралап хабарлама таратпайды және салық төлеуші жеке тұлғалар есептелген салықтар туралы (2017 жыл үшін) хабарламаны 2018 жылдың 15-шілдесінен бастап «Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) өздері келіп ала алады.

      Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Как будем платить налоги?

В соответствии с внесенными изменениями в Налоговый кодекс с 2017 года изменен порядок уплата земельного налога и налога на имущество физических лиц. С 1 января 2017 года уплата указанных налогов будет производиться не позднее 1 октября следующего года, т.е. за 2017 год – до 1 октября 2018 года, за 2018 год до 1 октября 2019 года и т.д.

Изменен также и порядок информирования налогоплательщиков об исчисленных налоговыми органами суммах выше указанных налогов и Налоговым кодексом предусмотрен следующий порядок информирования, путем: - 1) размещения на интернет-ресурсах налоговых органов; 2) указания в документах, применяемых для расчетов поставщиком коммунальных услуг; 3) направления на адреса электронной почты налогоплательщика; 4) направления СМС-сообщения на номера сотовых телефонов, представленные налогоплательщиком.

Для этих целей Налоговым кодексом налогоплательщикам дано право представить в налоговый орган сведения о своих номерах сотовых телефонов и адреса электронной почты.

При этом уведомление о сумме исчисленных налогов за отчетный период подлежит получению физическим лицом через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (ЦОНы) в явочном порядке в период, начиная с 15 июля года, следующего за отчетным налоговым периодом, т.е. 2018 года.

Таким образом, налоговые органы больше не будут разносить уведомления, а  начиная с 15 июля 2018 года физические лица сами будут получать уведомления о сумме исчисленных налогов (за 2017 год) через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» (ЦОН) в явочном порядке.

 

 

      Департамент  государственных доходов  по Павлодарской области