Date of publication: 29.12.2017 18:27
Date of changing: 29.12.2017 18:27

Егер «Шарт (келісімшарт)» Е бөлімінде «Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды» 30-жолы электронды шот-фактурада толтырылмаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы қосылған құн салығының сомасына жатқызуға құқығы бар ма?

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 257-бабы 1-тармағының  3) тармақшасында, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) шот-фактуралары Салық кодексінде белгiленген талаптар сақталмай жазып берiлген шот-фактуралар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді, алуға байланысты төленуге жататын болса, есепке жазылмайды және Салық кодексінің 100-бабының 12-тармағында белгіленген тәртіппен ескеріледі.

Салық кодексінің 263-бабы 2-2-тармағына сәйкес электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:

шот-фактураның нысаны;

шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;

шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.

Уәкілетті орган:

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген, Электронды түрде жазылып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы ережесінің 43-тармағының 4) тармақшасына, «Шарт (келісімшарт)» Е бөлімінде «Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды» 30-жолы тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың нөмірі көрсетілетін «Нөмірі» 30.1-жолдан және оның негізінде осындай тауарларды жеткізу жүзеге асырылған сенімхаттың күні көрсетілетін «Күні»  30.2-жолдан тұрады. Бұл жолдар өзара тәуелді жолдар болып табылады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Ережеге сәйкес «Тауарларды жеткізу сенімхат бойынша жүзеге асырылды» деген 30-жолын толтыру үшін міндетті болып табылмайды, онда осы жолда электронды шот-фактуралардың деректемелері жоқ, электронды шот-фактураларды жазып беру бойынша талаптарды бұзушылық болып табылмайды, тиісінше, осындай электронды шот-фактуралар бойынша ҚҚС сомасын еспептен алып тастауға жатпайды

Имеет ли право получатель товаров, работ, услуг отнести сумму налога на добавленную стоимость в зачет, если не заполнен в электронном счете-фактуре в разделе Е «Договор (контракт)» строка 30 «Поставка товаров осуществлена по доверенности»?

В соответствии с подпунктом 3) пункта 1 статьи 257 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (далее-Налоговый кодекс), если иное не установлено данной статьей,  налог на добавленную стоимость (далее – НДС) не зачитывается и учитывается в порядке, установленном пунктом 12 статьи 100 Налогового кодекса, если подлежит уплате в связи с получением товаров, работ, услуг, по которым счета-фактуры выписаны с несоблюдением требований, установленных Налоговым кодексом.

Согласно пункта 2-2 статьи 263 Налогового кодекса, прием, обработка, передача и хранение счетов-фактур, выписываемых в электронной форме, осуществляются посредством информационной системы электронных счетов-фактур.

Уполномоченным органом устанавливается порядок документооборота счетов-фактур, выписываемых в электронной форме, в котором отражаются:

форма счета-фактуры;

порядок выписки, отправки, приема, регистрации, обработки, передачи и получения счетов-фактур;

порядок заверения счетов-фактур;

особенности подтверждения получения исправленных и (или) дополнительных счетов-фактур;

порядок хранения счетов-фактур.

Уполномоченный орган несет ответственность за:

своевременность приема, регистрации, обработки и передачи счетов-фактур, выписанных в электронной форме, а также их хранение;

достоверность передаваемых сведений, отраженных в счетах-фактурах, выписанных в электронной форме;

неразглашение сведений, указанных в счетах-фактурах, третьим лицам, за исключением случаев, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

В соответствии с подпунктом 4) пункта 43 Правил документооборота счетов-фактур, выписываемых в электронной форме, утвержденный Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 12 мая 2017 года № 301 (далее – Правила), в разделе Е «Договор (контракт)» строке 30 "Поставка товаров осуществлена по доверенности" содержит строки 30.1 "Номер", в которой указывается номер доверенности, на основании которой осуществлена поставка товаров, и 30.2 "Дата", в которой указывается дата доверенности, на основании которой осуществлена такая поставка товаров. Данные строки являются взаимозависимыми строками.

На основании вышеизложенного, поскольку строка 30 "Поставка товаров осуществлена по доверенности" в соответствии с Правилами не является обязательной для заполнения, то отсутствие реквизитов в данной строке электронного счета-фактуры не будет являться нарушением требования по выписке электронного счета-фактуры соответственно, сумма НДС по такому электронному счету-фактуре не подлежит исключению из зачета.