Date of publication: 06.09.2018 14:20
Date of changing: 06.09.2018 14:22

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 38 қадамы электронды декларациялау жүйесін дамыту және тауарларды экспорттау және импорттау үшін құжаттардың тізімін қысқартуы қарастырған. Аталған стратегиялық бағытты іске асыру мақсатында, барлық кедендік процедуралар бойынша «Астана» АЖ кедендік әкімшілендірудің жаңа автоматталған жүйесі іске қосылды (кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматталған жүйесі).

АСТАНА-1 АЖ  кедендік рәсімдерді оңтайландыруға және сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың әкімшілік және уақыттық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді. АСТАНА-1 жүйесі барлық кедендік рәсімдер мен операцияларды қамтиды  және ҚР ҚМ МКК салықтық деректер базасымен ықпалдасады, сондай-ақ ҚР-ның басқа да мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

«АСТАНА-1» АЖ-да барлық кедендік процесске автоматтандырылған бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қосылған бірқатар ерекшеліктер бар. «АСТАНА-1» АЖ-да тәуекелдер болмаған кезде тауарларға арналған декларация автоматты түрде шығарылады.  Қалай болады және қалай болды, өзге де маңызы сәтті көрсететін елеулі айырмашылық – жүйе пайдаланушыға мүлде тегін ұсынылады. Бұдан бөлек, декларант офистан шықпай барлық кедендік операцияларды жүргізуі мүмкін – оған тек Интернетке рұқсат болса болды. Арасындағы айқын артықшылықтар – транзиттік декларацияға одан әрі қайта құрылатын алдын ала ақпараттандыруды қалыптастыру мүмкіндігі. Тағайындалған пунктке тауарлар келгеннен кейін ол электрондық құжатты сақтауды қалыптастыру кезінде ескеріледі, бұл өз кезегінде тауарларға арналған декларацияны қалыптастыру кезінде автоматты пайдаланылады.  

АСТАНА-1 АЖ-ның артықшылықтары:

- бірыңғай технологиялық платформада барлық процестерді ықпалдастыру;

- деректерді енгізу мен өңдеуге арналған уақытты қысқарту – ИКТ мен ФЛБ;

- бизнес-процестер мен е-құжаттар форматын оңтайландыру;

- тәуекел және пост-аудит басқармасын жетілдіру;

- төлемдерді есептеу, өндіру мен есебін автоматизациялау;

- мониторинг, есептер және нақты уақыттағы статистика;

- кеден органдары мамандары декларацияларды толтыру бойынша қызмет көрсету;

- басқа да жүйелермен өзара іс-қимыл (БСАЖ, ИКПП, ЕАЭО және т.б.)

Бұрынғы қолданыстағы бағдарламадан өзгешелігі, жаңа формат тек автоматты

шығаруға мүмкіндік береді, бұл СЭҚҚ мен кедендік ресімдеуші маманның арасындағы тікелей байланысты іс жүзінде болмауға мүмкіндік береді. Жасыл дәліз бойынша декларацияны өңдеуге және шығаруға арналған уақыт 1 минуттан аспайды. Бұрын осыған ұқсас экспорттық рәсімдерге 55 минут кететін, әрі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жеке кеден органына келуі қажет болатын.  

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті