
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Біріктірілген салықтық ақпарат жүйесінің (бұдан әрі - ҚР БСАЖ) бағдарламалық қамсыздандырудың жаңартуы жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Аталған жаңарту шеңберінде 2018 жылдың 20 қазанынан бастап ҚР БСАЖ-де «Құжаттар» модулінде Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама), Жеке тұлғадан берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы (бұдан әрі – Салық бұйрығы) және оның күшін жою бланкілері іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап пайда болған салық берешегі бойынша Хабарламалар автоматты түрде қалыптастыратын режимі 2018 жылдың 22 қазанында қосылады.
Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 114-бабы 2-тармағы 8)-тармақшасына сәйкес салық төлеушіге Хабарлама салықтық берешек түзілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады.
Салық кодексінің 86-бабына сәйкес салық төлеуші электронды салық төлеуші ретінде тіркелген жағдайда Хабарлама мен Салық бұйрығы салық төлеушіге электронды арнасы байланыс салық төлеушінің кабинетіне жолданатынын атап өту қажет.
Туындаған сұрақтар бойынша салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына тіркеу орны немесе тұратын жері бойынша Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне: Павлодар қаласы, Астана көшесі 57, байланыс нөмірлері– 8 (7182) 321658, 323948 жүгініп хабарласуға болады.




























