Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 28 қарашада сағат 13.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін Juniper SRX-3400 желілік жабдықтарын ауыстыру жүргізілетінін хабарлайды. Осы уақыт аралығында ҚР ҚМ МКК-ның барлық ақпараттық жүйелеріне (КААЖ-2, ТБСБ, ИДҚ, Статистика, ЖБО, IP телефониясы, СЕӨС, БМҚ, Web-портал, ИШ, Салық төлеуші кабинеті, ЕБМ, СТжСОТ, БСАЖ, Акциз АЖ, ОСДШ) барлық пайдаланушылар (сыртқы, ішкі, облыстар, МОБКО, Интернет) үшін қолжеткізу болмайды.
Жазылғандарды ескеріп, келеңсіз жағдайларды болдырмау, сондай-ақ өткізу пункттерінде көлік құралдарының топталуын болдырмау мақсатында, МКД басшылары кедендік өкілдерді, салық төлеушілерді, тасымалдаушыларды, «ҚТЖ ҰК» АҚ бөлімшелерін, элеваторлар және басқа мүдделі тұлғаларды хабарлаумен қамтамасыз ету қажет.