
Кіші кәсіпкерлік субъектілері қызметіне тексеріс жасауға үш жылға мораторий енгізілгендіктен, азаматтардың мемлекеттік кірістер органдары мен шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметіне бақылау және қадағалау жасау мақсатында қоғамдық бақылаудың ролі айтарлықтай өседі.
2019 жылғы 30 қыркүйектен бастап «Азаматтық бақылау» жобасы, яғни 1 000 теңге көлеміндегі сыйақы, чек бермеу фактісі туралы хабарлаған тұлғаларға (ұялы телефон теңгерімін толтыру) төлеу, бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіледі.
Жауапкершілікке тартудың деректері болып табылады: әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған тұлғаның түсінігі, жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер; маманның, эксперттің қортындысы және көрсеткіші, заттай айғақтар; басқада құжаттар; ӘҚК қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және процессуальдық іс жүргізу хаттамасы.
Сондықтан, сыйақы тек сатушымен БКМ чекін беруден бас тартуы видеоға түсірген кезде, дүкеннің атауы мен мекен-жайы, сауда үйінің, базардың атауы (сауда үйіндегі дүңгіршектің, базардағы орынның нөмірі) және фискалдық чек бермеген тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер көрсетілген жағдайда төленеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР барлық азаматтарын өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге, БКМ чегін бермей өзінің табыстарын жасырушы салық төлеушілерге нөлдік төзімділік танытуға және Пилоттық жобада белсенді қатысуға шақырады. Барлық жолданылған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен өңделетін болады.
Видеоматериалдарды Apple App Store және Google Play market қосымшаларынан тегін жүктеуге болатын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы жолдауға болады.
Шағым жолдаған жағдайда қосымша өз тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын (болған жағдайда), ЖСН және байланыс телефонын көрсетіңіз. Бұл деректер бұзушылық фактісі расталған және фискалдық чек бермеген тұлғаны жауапкершілікке тартқан жағдайда сыйақы төлеу үшін қажетті.
Фискалды чектерді consumer.oofd.kz сайтында тексеруге болады.
Осы ретте, техникалық талаптарға сәйкес берілген фискалдық чек мәліметтері 72 сағат ішінде жолдануы мүмкін. Сондықтан, берілген чекті фискалдық деректер операторы базасында таба алмаған жағдайда 3 күнге дейін күту қажет және содан кейін қайта тексеру қажет. 72 сағат өткеннен кейін ақпарат болмаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.




























