Date of publication: 28.05.2021 16:30
Date of changing: 28.05.2021 16:35

Халық пен ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимылы кезінде қолайлы жағдайлар жасау мақсатында "e-Salyq Azamat"мобильді қосымшасы әзірленді.

"E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын "App Store" және "Play Market" тегін жүктеп алуға болады.

Мобильді қосымшаны ЖСН, пароль, жылдам қолжетімділік коды және биометрия (FaceID, TouchID) бойынша кіруге болады.

"e-Salyq Azamat" көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік кіріс органдарына, ХҚКО-ға бару үшін ғана емес, сонымен қатар кезекте күтуге уақыт жұмсамауға да уақыт шығындарын жоюға мүмкіндік береді. Елдің кез келген азаматы тіркелген салық салу объектілерін тексере алады, БЖТ төлей алады, көлік салығын, ЖТС, өсімпұлды есептеу калькуляторларын пайдалана алады, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптармен және басқа да функциялармен таныса алады.

"E-Salyq Azamat" көмегімен "салық әмияны" қосымша беті арқылы қарыз сомасын білуге және жеке тұлғалардың мүлік салығын, жер салығын және көлік құралдары салығын төлеуге болады.

Бұдан басқа, электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе смс-хабарламамен алынған кодты пайдалана отырып, жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (Сен 250.00) жіберуге болады. Мұны істеу қарапайым, өйткені интерфейсті қолдану оңай, ал декларацияда бірнеше минут ішінде декларацияны тапсыруға мүмкіндік беретін "сұрақ-жауап" түрінде жеңілдетілген түрде болып келеді.

Егер сіз өз сұрағыңызды шеше алмасаңыз және сізге тікелей жүгіну қажет болса, онда "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік кірістер органдарында кезекті алдын ала брондау мүмкіндігі іске асырылды.

Уақытыңызды үнемдеңіз, елді цифрландыру бағдарламасын іске асыруға қосылыңыз.