Date of publication: 30.11.2021 10:50
Date of changing: 30.11.2021 11:06

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (бұдан әрі – МКД) МКД басшысы Жаныбек Нұржанов Павлодар қаласының жеке кәсіпкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы - үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) енгізу.

- ҮИЖ 2020 жылдан бастап қолданыстағы жүйе болып табылады. Оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын кәсіпкерлер үшін қолданыстағы заңнамада салық жеңілдіктері көзделген. Мәселен, салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс бойынша шекті мән 24 038 АЕК-ті құрайды, бұл ретте 70 048 АЕК шегіндегі кірістер қосылмайды. ҮИЖ қолданатын салық төлеушілер үшін 2021 жылы ҚҚС бойынша шек 114 184 АЕК құрайды, ал қалғандары үшін-30 000 АЕК. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап МКО-да міндетті есепке қою үшін ҚҚС бойынша шекті мәнді 20 000 АЕК-ке дейін төмендету жоспарланғанына назар аударғым келеді. Сонымен қатар ҮИЖ қолданатын салық төлеушілер үшін шекті мәнді 124 184 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген. Бұл ұлғаю қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылады. ҮИЖ жүйесі салық міндеттемелерін есепке алуды және орындауды жеңілдетуге арналған. ҮИЖ-мен қолма – қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға, тауарлардың штрих-кодтарын оқуға және ЭШФ АЖ-ға қосылған ЭШФ қалыптастыруға, құжаттарды қалыптастыруға, қойма және сауда жабдықтарымен жұмыс істеуге және басқа да операцияларды жүргізуге болады, - деп атап өтті өз сөзінде Жәнібек Нұржанов және кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және оның артықшылықтарымен кеңінен  пайдалануға шақырды.

Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Нұрахметов кездесуге қатысушыларды мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу тәртібімен және ҮИЖ орнатуға және қолдануға қойылатын талаптармен таныстырды.

Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне ҮИЖ өндірумен және оны іске асырумен айналысатын Қазақстандағы үш компонентті интеграцияланған жүйенің құқық иеленушілері, компаниялардың өкілдері қатысты, олар сатып алу түрлері, шарттары және техникалық сүйемелдеу туралы айтып берді.

Түсіндіру жұмысы басқармасы

Павлодар облысы бойынша МКД