
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қоюдың жаңа тәртібі күшіне енеді.
Бұл өзгерістер салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға, салықтық процедуралардың ашықтығын жоғарылатуға және бизнесті жасау үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үш нысанда жүзеге асырылатын болады:
- ерікті – салық төлеушінің қалауы бойынша, айналым шегіне жеткенге дейін;
- міндетті – жылдық айналым 10 000 АЕК-тен (шамамен 43 млн теңге) асқан жағдайда;
- шартты – қазақстандық тұтынушыларға электрондық қызмет көрсететін немесе онлайн-сатуды жүзеге асыратын шетелдік компаниялар үшін.
ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоюға жатпайтындар:
- мемлекеттік мекемелер;
- филиалдар;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылар);
- дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар;
- арнайы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер.
Шекті мәндер
Оңайлатылған декларация бойынша АСР қолдану үшін жылдық айналымның шекті мөлшері 600 000 АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге) құрайды.
Бұл шағын бизнес субъектілерінің ҚҚС бойынша тіркеу есебінен қоймай оңайлатылған жүйе бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
ҚҚС бойынша міндетті түрде тіркеу есебіне қою тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимі бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер үшін ғана көзделген.
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшу
2026 жылдан бастап арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер ҚҚС төлеуші бола алмайды.
ҚҚС төлеуші мәртебесін сақтау үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшуі тиіс.
Таңдалған режим туралы хабарлама 2026 жылғы 1 наурызға дейін ұсынылады.
Оңайлатылған режимде қалатындарға ұсынылады:
- 2025 жылдың соңына дейін ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығу;
- 2025 жылғы IV тоқсан үшін 300.00-нысаны бойынша декларацияны 2026 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей тапсыру.
Тіркеу мониторингі және бақылаудың жаңа іс-шаралары
Салықтық тіркеуді қадағалау мониторингі енгізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге 30 жұмыс күні ішінде оны жою туралы хабарлама жіберіледі.
2026 жылдан бастап салық органдары ҚҚС бойынша тіркеу есебінен мәжбүрлі түрде шығару шараларын қолданбайды.
Оның орнына, бұзушылықтар болған кезде (мысалы, орналасқан жері бойынша болмауы) бұзушылықтар жойылғанға дейін электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) жазып беру уақытша тоқтатылатын болады.
ҚҚС бойынша тіркеу және есептен шығу мәселелері бойынша барлық өтініштерді «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы электронды түрде беруге болады.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге ҚҚС бойынша жаңа тіркеу тәртібімен алдын ала танысуды және өздеріңіздің қызметтеріңіз үшін салықтық режимді уақытынан бұрын анықтауға ұсынады.




























