
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясының аумағында ағаш тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль көлік құралдарын техникалық бақылау құралдарымен (спутниктік навигация аппаратурасымен) міндетті түрде жарақтандыру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Спутниктік навигация аппаратурасымен жарақтандыру жөніндегі талаптар Ресей Федерациясының аумағы бойынша ағаш тасымалдауды жүзеге асыратын, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген барлық автомобиль көлік құралдарына қолданылады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы