Жарияланған күні: 03.06.2025 17:25
Өзгертілген күні: 03.06.2025 17:27

"CarGoRuqsat" қолданудың оң нәтижелерін ескере отырып, 2025 жылғы 9 маусымнан бастап Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан "Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезекті іске қосу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта "CarGoRuqsat" жүйесі Павлодар облысының төрт автомобиль өткізу пунктінде – "Найза, "Шарбақты", "Урлютөбе", "Қосақ" – сәтті жұмыс істеп тұр.

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауға тиіс.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша өту керек, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу керек.

"CarGoRuqsat" жүйесі шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуына жол бермеуге ықпал етеді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "CarGoRuqsat" мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.

Бүгінгі таңда электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Ресей Федерациясымен шекарасында сәтті іске асырылды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8-800-080-7777 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы