
Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукцион өткізу қағидаларына ұсынылатын өзгерістер борышкерлердің мүлкін өткізу мерзімдерін қысқартуға бағытталған, бұл банкроттық рәсімінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Электрондық аукционды өткізу тәртібін оңтайландыру мақсатында бұйрық жобасында «электрондық әмиян» ұғымын енгізу көзделген. Осылайша, электрондық аукционның әрбір қатысушысының өзінің жеке электрондық әмияны болады, оның көмегімен сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдау және қайтару жүзеге асырылады.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/934152?lang=kk