Жарияланған күні: 10.04.2025 11:05
Өзгертілген күні: 10.04.2025 14:37

Құрметті салық төлеушілер!

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025жылғы 12 сәуірде  сағат 00:00-ден 2025 жылғы 13 сәуірде 23:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалықжұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «ЭШФ» АЖ қол жетімді болмайды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТІЖ ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 Бұйрығы) сәйкес, қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы:

- 2025 жылғы 14 сәуірден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2025 жылғы 14 сәуірінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте, айыппұл санкциялары қолданылмайды.

ҚР ҚМ МКК-і салық төлеушілерге түсіністік үшін алғыс білдіреді! Біз ақпараттық жүйелерімізді жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз