Жарияланған күні: 14.06.2024 17:37
Өзгертілген күні: 14.06.2024 17:45

Баянауыл кентінде аудан әкімдігінің алаңында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті (МКД) мамандарының кәсіпкерлермен кездесуі өтті.

Кездесуді аша отырып, МКД басшысының орынбасары Руслан Рахимберды 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тексеруге мораторийдің қолданылуы аяқталғанын еске салды және кәсіпкерлерді бизнесті жүргізудің барлық қажетті шарттарын адал сақтауға шақырды.

Салық режимдері, жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі, бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі, фискалдық чекті беру, төлем карталарын қабылдау, қолма – қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту, заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салықтар бойынша берешек –осы және басқа да өзекті мәселелерді МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Ерболат Ғаббасов іс-шара барысында айтты.

Бизнес өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы