
Павлодар облысы бойынша МКД командасы жеңіл атлетикадан жарыста 1 орын алды.
Павлодарда облыстық Спартакиада аясында мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Барлық қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрамында Лаззат Болагасынова (САЭБ бөлімінің басшысы), Жанна Камиржанова (кедендік құн бөлімінің басшысы), Азамат Сейлханов (камералдық бақылау және заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы) бар команда тұғырдың жоғарғы сатысын иеленді.
Біздің команданы жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы