
Ал банкроттык рәсімінде кредиторлардың мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында борышкердің банкроттық қарсаңында жасаған мәмілелеріне айту мүмкіндігі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» (әрі қарай- Заң) Заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес мәмілелер, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мәмілелер, егер оларды борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңда көзделген негiздер болған кезде оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде жасасқан болса, жарамсыз деп танылады.
Осылайша, заңнама банкроттықты басқарушының мәмілеге айту мерзімін шектейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден басқа (әрі қарай- АК), Заңның 7-бабының 2-тармағына дербес негіздер айқындалған, олар болған жағдайда мәміле сот жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл негіздер мыналарды қамтиды:
- жасалған мәміле бағасының және (немесе) өзге де жағдайлардың, салыстырмалы мән-жайларда ұқсас мәмілелер жасалатын кездегі бағадан және (немесе) өзге де жағдайлардан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болуы;
- мәміле борышкердің қызметіне сәйкес келмейді. Яғни, бұл ретте борышкер жасаған мәміле оның құрылтай құжаттарында көзделген қызметіне қайшы келеді немесе лауазымды адамдардың құзыретін бұза отырып жасалған;
- мүліктің өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) не салыстырмалы экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас немесе біртекті тауар бағасынан борышкер үшін айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болатын бағамен не беру үшін негіздер болмай, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып берілуі;
- егер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміле белгілі бір кредиторлардың талаптарын басқаларының алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келсе;
- борышкердің мүлкін сыйға тарту шарттары, егер мұндай мәміле оңалту немесе банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін бір жыл бұрын жасалған мәмілелерден айтарлықтай өзгеше болса;
- осындай мәміле бойынша тиісті құқықтық салдарлар туғызу ниетінсіз, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жасалған мәміле мәмілелердің жарамсыздығына негіз болып табылады.
Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде салдарлар туындайды: егер мәміле жарамсыздығының өзге де салдарлары ҚР Азаматтық кодексінде көзделмесе, жауапкер мәміле бойынша алынғандардың барлығын қайтаруға, заттай қайтару мүмкін болмаған кезде – қайтарылуға жататын мүлік құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес бастапқы сатып алушының мүлік құнының орнын толтыруы мүмкін болмаған кезде, борышкердің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Осылайша, банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде борышкер жасаған мәміле жарамсыз деп танылған әрбір жағдайда құқықтық салдарлар туындайды. Мәмілелерді даулаудың негізгі максаты заңсыз немесе өтеусіз алынған мүлікті қайтару болып табылады,оның есебінен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға банкроттық рәсімінде болады.
Бұл ретте, Заңның 7-бабының 7-тармағында келесі мәмілелерге қолданылмайтын талаптар бар:
- жобалық қаржыландыру, секьюритилендiру;
- қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған;
- шарттары борышкер оңалту және (немесе) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде өзінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы процесінде жасасқан ұқсас мәмілелердің шарттарынан айтарлықтай ерекшеленбейтін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінде борышкер жасасқан мәмілелерге қолданылмайды.
Павлодар облысы бойынша МКД берешекпен жұмыс басқармасы