Жарияланған күні: 30.04.2025 14:47
Өзгертілген күні: 30.04.2025 14:50

Құрметті павлодарлықтар!

 

Қазақстанда 2025 жылдың 1 мамырынан бастап "Бәйге" атты жаңа акция басталады. Осы акция шеңберінде белгіленген кезеңде фискалдық чектердің ең көп санын тіркеген азаматтар 100 000 теңге мөлшерінде сыйақы алады. Науқан ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

"Бәйге" қорытындысы тоқсан сайын ең белсенді фискалдық чектердің ең көп санын жіберген 20 қатысушыны (әр облыстан және Республикалық маңызы бар қаладан бір-бірден) айқындау жолымен өткізілетін болады.

Қатысу үшін "Amian" қосымшасын орнатып, тіркеліп және тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлеу үшін фискалдық чектерді қосып отыру қажет.

Сатып алу, қызмет алу кезінде Сіз үнемі бақылау-касса машинаны (БКМ) қолданумен және чек берумен кездесесіз, бірақ іс жүзінде көпшілігіңіз чек беруге қатысты тиісті мән бермейсіз.

Чекті бермеу кәсіпкерлік субъектінің нақты кірісін төмендетуге ықпал етеді, бұл өз кезегінде бюджетке салық түсімінің толықтығына әсер етеді. Бұл ретте салықтардың түспеуі мемлекет өзіне алған бағдарламалардың орындалуына тікелей әсер етеді. Сондықтан тауарларды сатып алу немесе қызметті алу кезінде чекті талап ету қажет. Бақылау чегі ұғымы – бұл  сатушы мен сатып алушы арасындағы ақшалай есеп айырысу фактісін растайтын бақылау-касса машинасының бастапқы есеп құжаты.

Сонымен бірге, чекті талап ете отырып, сіз бірінші кезекте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделеріңізді қорғайсыз. Мысалы, егер тауар сізді объективті себептермен қанағаттандырмаса, оны сатып алу фактісін растайтын бақылау чегі болған кезде айырбастауға немесе қайтаруға болады, ал ол болмаған жағдайда сатып алу фактісін дәлелдеуге тура келеді. Чекті қолға беру – бұл міндетті талап!

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті павлодарлықтарға саналы болуға және сатып алынған тауарға не көрсетілген қызметке бақылау чегін талап ету арқылы бюджетті толықтыруға жәрдемдесуге жүгінеді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы