Жарияланған күні: 05.11.2024 15:37
Өзгертілген күні: 05.11.2024 15:42

Салық органымен салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін бюджетке берешек есебіне өткізу есебінен өндіріп алу қарастырылған.

Мүлкінің өткізуін уәкілетті заңды тұлғамен сауда-саттық өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу аясында уәкілетті заңды тұлға «Фонд проблемных кредитов» АҚ анықталған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1-ақпандағы №111 бұйрығымен бекітілген «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» ережелерінің 8 тармағына сәйкес борышкерлердің билік ету шектелген мүлкін өткізуді компания www.e-qazyna.kz мекен-жайы бойынша интернет желісінде орналасқан тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион ұйымдастыру жолымен жүзеге асырады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

берешекпен жұмыс жөніндегі басқармасы