Жарияланған күні: 11.04.2025 10:01
Өзгертілген күні: 11.04.2025 10:03

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыруымен ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілді. Өтпелі кезең елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа төлем нарығының қатысушыларын қамтиды.

 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізілді, сондай-ақ бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді.

 

Негізгі өзгеріс – жаңа «Нақты төлеуші» графасы.

Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз:

 

Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет.

 

Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет.

Маңызды! «Нақты төлеуші» графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін.

 

Ұсыныстар:

Ұлттық Банк талаптарын төлем тапсырмаларын толтыруда қатаң сақтаңыз.

Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда – екінші деңгейлі банктерге жүгініңіз.

 

Салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады.