Жарияланған күні: 26.09.2024 09:40
Өзгертілген күні: 26.09.2024 09:42

"Cargoruqsat" электронды кезегін Павлодар облысының "Қосақ" автомобиль өткізу пунктінде кезекті іске қосу жоспарлануда.

2024 жылдың 26 қыркүйегінен бастап "Қосақ" өткізу пунктінде "CarGoRuqsat" электрондық кезек жүйесі жұмыс істей бастайды.

Қазақстан аумағынан автомобиль өткізу пункттері арқылы шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушылар "CarGoRuqsat" қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауға тиіс.

Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтемесі бойынша өту керек, "CarGoRuqsat" қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету, жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу керек.

"CarGoRuqsat" жүйесі шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуына жол бермеуге ықпал етеді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ," CarGoRuqsat " мемлекеттік органдардың 17 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, соның есебінен тасымалдаушылар айыппұлдар мен берешектердің болуы, тауарларды өткізу үшін тиісті құжаттарды ресімдеу қажеттілігі және т. б. туралы ақпаратты алдын ала алады.

CarGoRuqsat 21 автомобиль өткізу пунктерінде ("Найза, "Амангелді", "Шарбақты", "Урлютөбе" – Павлодар облысы, "Бидайық", "Қызыл Жар", "Қарақоға" – СҚО, "Қарашатау", "Әлімбет" – Ақтөбе облысы, "Жезкент", "Қоянбай", "Байтанат" – Абай облысы, "Убе" – ШҚО, "Ақсай", "Жаңыбек", "Орда", "Шаған" – БҚО, "Обаған", "Ақбалшық", "Желқуар", "Аят" – Қостанай облысы) табысты жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңда электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында сәтті іске асырылды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы