Жарияланған күні: 18.09.2024 15:59
Өзгертілген күні: 18.09.2024 16:20

Қазақстанда 2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап жыл сайынғы "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" республикалық акциясы өткізілуде, ол ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.

Акцияны өткізу кезеңінде еліміздің әрбір тұрғыны кез келген сатып алу немесе ақылы қызмет алу арқылы смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.

Науқанға қатысу үшін "Amian" мобильді қосымшасында тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге ақы төлегені үшін чектерді тіркеу қажет. Акцияға деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының чектері қатысады.

Акцияны өткізудің негізгі мақсаттары азаматтық белсенділікті арттыру, халықтың салықтық сауаттылығын дамыту, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы