Жарияланған күні: 11.06.2024 15:50
Өзгертілген күні: 11.06.2024 15:53

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді тіркеу немесе беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілер ғана ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген бақылау-касса машиналарының чектерін басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтауға міндетті.

Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер бойынша барлық есептер мен чектер фискалдық деректер Операторларының серверінде сақталады және салық органдарына беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргізілетінін еске саламыз, тек бұл қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілерге қолданылмайды.

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 165-169-баптарында айқындалған.

БКМ пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республиксы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы