
Құрметті салық төлеушілер!
«Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жүйені жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді: веб-порталда электрондық құжаттарға қол қою бойынша қосымша функционал қосылды.
Веб- нұсқада қол қою әдісін таңдау мүмкіндігі берілген:
1. ЭЦҚ кілті бойынша
2. QR- кодты пайдалану арқылы
QR-кодын пайдаланып қол қоюды таңдаған кезде:
- «egov Mobile» қосымшасын ашу;
- «eGov Mobile» мобильді қосымшасына кіру;
- «eGov Mobile» қосымшасының басты бетінде «eGov QR» түймесін басу;
- ЭШФ АЖ веб-порталында көрсетілген QR- кодын сканерлеу және қол қою қажет.
Сәтті қол қойылған жағдайда электрондық құжатқа тіркеу нөмірі беріледі.
QR-код арқылы электрондық құжаттарға қол қою жұмысы бойынша сұрақтар туындаған кезде esfsd@kgd.minfin.gov.kz мекен-жайына хабарласуға болады.