
Павлодар облысы бойынша МКД экономикалық тергеу қызметі 2018 жылдың басынан бастап экономикалық санатттағы 129 сотқа дейіңгі тергеудегі қылмыстық құқық бұзушылықтар жүргізілді. Олардың ішінде:
- ҚК 189 бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) – 4 іс;
- ҚК 190 бабы (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдаунемесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену) – 27 іс;
- ҚР ҚК 197 бабы (мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) – 10 іс;
- ҚР ҚК 198 бабы (Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу) – 2 іс;
- ҚР ҚК 214 бабы (Заңсыз кәсіпкерлік) – 4 іс;
- ҚР ҚК 216 бабы (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) – 10 іс;
- ҚР ҚК 218 бабы (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) – 9 іс;
- ҚР ҚК 231 бабы (Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) – 5 іс;
- ҚР ҚК 233 бабы (Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен қағидаларын бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) – 4 іс;
- ҚР ҚК 234 бабы (Экономикалық контрабанда) – 2 іс;
- ҚР ҚК 236 бабы (Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуден жалтару) – 1 іс;
- ҚР ҚК 238 бабы (Әдейі банкроттық) – 1 іс;
- ҚР ҚК 239 бабы (Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу) – 2 іс;
- ҚР ҚК 241 бабы (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу) – 19 іс;
- ҚР ҚК 245 бабы (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) – 20 іс;
- ҚР ҚК 262 бабы (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) – 2 іс;
- ҚР ҚК 307 бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) – 2 іс;
- ҚР ҚК 385 бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) – 5 іс.
Жоғарыда көрсетілген істердің 37-сі сотқа жіберілді, оңалмайтын негіздер бойынша 49, оңалатын негіздер бойынша 26 істер тоқтатылды.
Облыс МКД ЭТҚ жыл басынан бастап 86 қылмыстық бұзушылықтарды әшкеріледі, олардың 19 ауыр қылмыстар, 22 – орташа ауырлық дәреже, 45 – шағын дәрежедегілер мен 10 құқық бұзушылық.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті