Жарияланған күні: 27.05.2024 15:51
Өзгертілген күні: 27.05.2024 15:53

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы Сәрсекеев Қайыржан Нығметұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл білдіреді. 2024 жылы 26 мамырда өмірдің 67 жылында біздің әріптесіміз, еңбек ардагері, керемет адам кенеттен бақилық болды.

Қайыржан Нығметұлы еңбек жолын 1992 жылы салық инспекциясы бөлімінің бастығынан бастап, Павлодар қаласының Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымға жетті. Барлық жұмыс орындарында өзін жоғары білікті маман, жақсы ұйымдастырушы, мейірімді және жанашыр жолдас ретінде көрсете білді. Қайыржан Нығметұлы өзінің бүкіл саналы өмірін салық қызметіне арнап, оның дамуына елеулі үлес қосты. Өз ісінің қас шебері, адал, мейірімді, әріптестер арасында беделді және құрметке ие адам.

Қайыржан Нығметұлын қамқор әке, сүйікті жар, немерелерінің ардақты атасы ретінде білеміз.

Департамент ұжымы Қайыржан Нығметұлының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қайыржан Нығметұлы Сарсекеевтің есімі жүрегімізде және салық қызметінің тарихында мәңгі қалады.

 

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы