
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Құнанбай Қапезұлы Успановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады.
Құнанбай Қапезұлы өз ісінің кәсіби маманы болды, Мемлекеттік кірістер органдарын құрудың бастауында тұрды, Павлодар облысының салық қызметін дамытуға елеулі үлес қосты.
Құнанбай Қапезұлы өзінің еңбек жолын салық органдарында 1990 жылы бастаған. Аудандық партия комитеті мен халықтық бақылау комитетіндегі жұмыс тәжірибесі Шарбақты ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясын басқаруға мүмкіндік берді. Еңбек қызметі жылдары ол Павлодар қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болды, салық аудиті, жанама салықтар, ірі салық төлеушілердің мониторингі, Павлодар облысы бойынша Салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімдерін басқарды.
Құнанбай Қапезұлымен жұмыс істеу бақытына ие болғандардың бәрі оны өте мейірімді, жанашыр, әдепті, еңбекқор және адал адам ретінде еске алады. Құнанбай Қапезұлы жоғары кәсіби салық мамандарының бірнеше буынын тәрбиелеген, өз қызметкерлеріне ілтипатты, әрқашан көмек қолын созып, сөзбен ғана емес, іспен де қолдау көрсетті, оның дана кеңестеріне баға жетпес.
Құнанбай Қапезұлы керемет отбасы адамы, қамқор әке және сүйікті ата болды.
Департамент ұжымы Құнанбай Қапезұлының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Жарқын жады біздің жүрегімізде, ал оның есімі салық қызметінің тарихында мәңгі сақталады.
Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер Департаментінің ұжымы