
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылғы 14 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын еске салады (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 398 бұйрығы), мыналарды қоспағанда:
1)өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуді;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмектің шеңберінде әкетілетінді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы