Жарияланған күні: 09.10.2025 17:10
Өзгертілген күні: 09.10.2025 17:14

Сапар аясында ол Железин және Успен аудандарының мемлекеттік кірістер басқармаларының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Талқылаудың тақырыбы бизнес-процестерді ұйымдастыру және оңтайландыру мәселелері болды. Кездесуге қатысушылар қызметтің негізгі аспектілері бойынша түсініктемелер алып, өзекті міндеттерді талқылады, жұмыстың стратегиялық бағыттары бойынша пікір алмасты.

 

Сонымен қатар, Арғын Қыпшақов "Павлодар" арнайы экономикалық аймағы" кеден бекетіне барып, оның жұмысымен танысты. АЭА қатысушыларының өндірістік объектілеріне – "Металлогамма" ЖШС және "УПНК" ЖШС шығу барысында жұмыстың тиімділігін арттыру және одан әрі даму перспективалары мәселелері талқыланды.

 

Жұмыс сапары жемісті өтті: ол жергілікті жерде өзекті мәселелерді талқылауға, бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.