Жарияланған күні: 24.08.2023 15:03
Өзгертілген күні: 24.08.2023 15:05

      Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында әкелуге және әкетуге мынадай тыйымдар мен шектеулер қолданылады:

      - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 132 бұйрығымен ҚР аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидайды әкелуге (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды(бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН коды): 100119; 100199) 6 ай мерзімге (2023 жылдың 10 сәуірі мен 9 қазаны аралығында) тыйым салынған;

     - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 265 бұйрығымен қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарының жекелеген түрлерін ҚР аумағынан әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 3 мамыры мен 2 қарашасы аралығында) тыйым салу енгізілген;

      - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 312 бұйрығымен ҚР аумағынан автомобиль көлігімен тас көмірді: тас көмірден алынған брикеттер, түйіршіктер және ұқсас қатты отын түрлері: тас көмір, шаң тәрізді немесе шаң емес, бірақ агломерацияланбаған (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2701); гагаттан басқа агломерленген немесе көміртектенбеген лигнит немесе қоңыр көмір (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2702) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 15 мамыры мен 14 қарашасы аралығында) тыйым салынған;

     - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 106 бұйрығымен мұздатылған, жаңа мұздатылған немесе салқындатылған лақа және көксерке балығының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0302891070, 0302720000, 0303240000, 0303891070-тен) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 15 сәуірі мен 16 қазаны аралығында) тыйым салынған;

    - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 07 маусымдағы № 419 бұйрығымен ЕАЭО СЭҚ ТН коды  4406910000 «теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты, сіңдірілген ағаштардан жасалған шпалдар жолдар» кодын қоспағанда, шыққан еліне қарамастан, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) 6 ай мерзімге (2023 жылдың 10 маусымы мен 10 желтоқсаны аралығында) ҚР аумағынан әкетуге тыйым салынады;

     - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 378 бұйрығымен ҚР аумағынан автомобиль көлігімен аммофосты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3105590000) және аммоний нитратын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3102309000) әкетуге 6 ай мерзімге (2023 жылдың 29 мамыры мен 29 қарашасы аралығында) тыйым салынды.