Жарияланған күні: 24.03.2022 16:15
Өзгертілген күні: 24.03.2022 16:17

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 14 наурызда "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа (бұдан әрі – Жарлық) қол қойды.

Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған:

1) 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын және әкету күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша есептелген сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және "ALTYN BARYS" алтынынан және "KÚMIS BARYS" күмісінен жасалған инвестициялық монеталар, сондай-ақ тазартылған алтынның 100 грамнан астамы;

Жарлық 2022 жылғы 14 наурызда күшіне енді.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті