
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Беларусияның, Арменияның азаматтары жүзеге асыра алады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркеу есебіне қою хабарлау тәртібіне ауыстырылды, оған сәйкес ЖК тіркеу үшін жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Қызметтің басталуы туралы хабарламаны egov.kz порталы, "e-salyq business" мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жіберуге болады.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы