
"Keden" АЖ кеден ісі саласында мемлекеттік қызмет көрсету, атап айтқанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін енгізу бойынша функционал пайдаланада. Өтініштерді беру және өңдеу 2025 жылғы 14 сәуірден бастап "Keden" АЖ-де жүзеге асырылатын болады.
Маңызды: "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бірыңғай терезе" жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап сағат 18:30-да тоқтатылады.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/46130 – зияткерлік меншік объектілері үшін.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.