Жарияланған күні: 01.11.2024 15:10
Өзгертілген күні: 01.11.2024 15:13

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылдың 6 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізіміне өзгерістер енгізілгенін еске салады.

 

30 кВт дейінгі жылыту қазандықтарды, ыдыс жуатын машиналар, мүгедектерді көтеруге және жылжытуға арналған мобильді жабдық, 10 кВт аспайтын қартазалағыштар, 100 жұмыртқаға дейін тұрмыстық инкубаторларды және басқа тауарларды кедендік төлемдерді төлемей жеке пайдалануға әкелуге болады.