
Павлодар облысының мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналардың (БКМ), POS-терминалдардың болуы және оларды қолдану мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексерулерді жүргізуде.
Жүргізілген жұмыс барысы бойынша 270-ден астам салық төлеуші қосымша салық есептілігін ұсынып, кірісті жалпы сомасы 2700 млн. теңгеге ұлғайтты, нәтижесінде бюджетке 70 млн. теңгеден шамамен қаражат түсті.
Сондай-ақ, салық есептілігінде көрсетілген табыстарға талдау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша электрондық қаржы орталығының деректерін ескере отырып мынадай нысаналы топтар қалыптастырылды: "Төмен СЖК (салық жүктемесінің коэффициенті)", "Табыстың төмендеуі байқалатын СТ (салық төлеушілер)", "Минус мәндері бар табыстарды көрсеткен СТ", "2025 жылы БКМ чектерінің болмауы", "2024 жылмен салыстырғанда бір айда БКМ чектері санының төмендеуі", "2024 жылмен салыстырғанда бір айда БКМ чектері бойынша түсімнің төмендеуі".
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде БКМ қолдана отырып жүргізілетінін еске салады. Сауда операциялары, жұмыстарды орындау, қолма – қол ақша арқылы қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбағаны үшін, сондай-ақ пайдалану орны бойынша мемлекеттік кірістер органында ақаулы немесе есепте тұрмаған БКМ қолданғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген, бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 20-дан 40 АЕК-ке дейін мөлшерінде (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабы).
БКМ чегін бермеу үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабы).
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы