Жарияланған күні: 08.11.2024 15:20
Өзгертілген күні: 08.11.2024 17:01

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Сіздің назарыңызға мемлекеттік кірістер Комитетімен 2023 жылы құн өсімінен (мүліктік кіріс) табыс алған жеке тұлғалардың атына хабарламалар/хабарлау жіберілгенін жеткізеді.

 

Мүліктік кіріс меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған тұрғынжайларды (баспана, үйлерді), саяжайларды, жер учаскелерін, гараждарды және басқа мүлікті сатқан жағдайда туындайтынын естеріңізге саламыз (ҚР Салық кодексінің 330, 331-баптары).

 

Хабарламалардың қойылғандығы туралы мәліметті «Электрондық Үкімет»  еgov.kz порталы және "Салық төлеушінің кабинеті" АЖ көмегімен тексеруге болады.

 

Қойылған хабарламалармен келіскен жағдайда 240.00 нысан бойынша «Жеке табыс салығы бойынша декларацияны» ұсыну және құн өсімінен 10% төлеу  қажет немесе табыс алынбаған жағдайда Салық төлеушінің кабинеті арқылы түсініктеме беру қажет.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұзушылықтар мен шаралар қабылдауды болдырмау үшін салық міндеттемесін алдын ала орындауды ұсынамыз.