Жарияланған күні: 12.12.2024 14:54
Өзгертілген күні: 12.12.2024 14:55

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне және ЭШФ АЖ жүйесінің қолжетімсіздігіне байланысты, қағаз жеткізгіштерде рәсімделген ТІЖ және ЭШФ-ні келесідей мерзімдерде жүйеге енгізу қажет екенін еске салады:

 

- ТІЖ 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін қоса алғанда;

 

- ЭШФ 2024 жылғы 25 желтоқсанға дейін қоса алғанда.

 

ЭШФ АЖ-ға қағаз құжаттарды енгізу кезінде ЭШФ АЖ журналында «қағаз ШФ еңгізу» функциясын, ТІЖ журналында – «қағаз ТІЖ еңгізу» функциясын пайдалану қажет.

 

Сондай-ақ тиісті функционал API-де есеп жүйелер арқылы жіберу үшін де қол жетімді.