Жарияланған күні: 04.06.2024 13:31
Өзгертілген күні: 04.06.2024 13:34

1992 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. 

 

2007 жылы 4 маусымда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Заң қабылданды. 

 

Жыл сайын 4 маусымда елімізде мемлекеттік рәміздер Күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің ұлттық егемендігін бейнелейтін ерекше белгілері. 

 

Мемлекеттік ту – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. 

 

Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. 

 

Мемлекеттік Әнұран – музыкалық-поэтикалық шығарма. 

 

Мемлекеттік рәміздер бір-біріне толықтыра отырып, біртұтас тұтастықты білдіреді және қазақстандықтардың патриотизмі мен бірлігін нығайтады.