Жарияланған күні: 04.07.2025 14:22
Өзгертілген күні: 04.07.2025 14:24

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағдарланған тәсілді кеңейтіп, салық салу саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

 

Аталған мақсатта барлық мемлекеттік кірістер органдарында «қызыл түйме» - QR-код орналастырылған. Оны сканерлеу арқылы салық төлеушілер нақты проблемалық жағдайды көрсете отырып, Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасына тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болады.