Жарияланған күні: 02.02.2022 16:48
Өзгертілген күні: 02.02.2022 17:03

 

Комитетпен, бөгде бағдарламалық қамтылымды, (мысалы, Google Chrome немесе Mozilla Firefox браузерін және т. б.) пайдалануға байланысты "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасында тәуекел дәрежесін дұрыс көрсетпеу фактілері анықталды. Мысалы, тәуекел дәрежесі жолы «жоғары тәуекел» деп және "төмен" деген сөздің орнына "төменірек" (1-сурет).

        

Сонымен бірге ескертпеде "2022 жылғы 1 жартыжылдыққа кезекті санаттарға бөлу нәтижелері бойынша берілген тәуекел дәрежесі" орнына "2022 жылғы 1 жартыжылдыққа кезекті санаттарға бөлу нәтижелері бойынша берілген жоғары тәуекел" деп көрсетіледі (2-сурет).

 

 

        

         Осыған байланысты, мұндай фактілерді салық төлеушілердің өздері анықтаған жағдайда, пайдаланылатын браузерде аудармашыны ажырату қажет (3-сурет) немесе аудармашы жоқ басқа браузерді пайдалану қажет.

 

         Нәтижесінде, жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындағаннан кейін "салық төлеушінің кабинеті" web-қосымшасына қайта кіру қажет және тәуекел дәрежесі туралы ақпарат дұрыс көрсетіледі.

Павлодар облысы бойынша МКД талдау және тәуекелдер басқармасы