Жарияланған күні: 21.09.2023 13:53
Өзгертілген күні: 21.09.2023 13:54

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті павлодарлықтарды мүлік салығын төлеуге шақырады және салық міндеттемесін орындаудың соңғы күні – 1 қазан – жұмыс істемейтін күнге келетіндігіне байланысты төлем мерзімін 2023 жылғы 2 қазанға дейін кейінге қалдыру туралы хабарлайды, содан кейін мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Қазіргі уақытта мүлік салығы бойынша 66 млн.теңгеден астам сомаға облыстың 23 мыңнан астам тұрғыны және жалпы сомасы 4 млн. теңгеге жуық жер салығы бойынша 2 мыңнан астам салық төлеушісі берешекке ие.

Қарызды Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан көруге болады (kgd.gov.kz) "барлық сервистер" бөлімінің "берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисінде. Сондай-ақ, "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында және "Salyqbot" чат-ботында "электрондық қызметтер" бөлімінде, сондай-ақ банктік қосымшалар арқылы білуге болады.

Алдағы төлемдер туралы мәліметтерді тексеріп, салықты "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының көмегімен төлеуге болады. Ол үшін "электрондық қызметтер" мәзірінен "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисін"таңдау қажет. Ашылған терезеде ЖСН/БСН жолағын толтыру және "табу" батырмасын басу арқылы МҚҚ бойынша топтастырылған алдағы төлемдер туралы ақпарат көрсетіледі. Төлем үшін кез келген алдағы төлемді таңдаңыз. Төлем терезесі көрсетіледі. Алдағы төлемді төлеу үшін "Төлеу" батырмасын басу қажет.

Жеке тұлғалар салықтарды кез келген ыңғайлы тәсілмен: екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелерінде немесе "Қазпошта" АҚ-да қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарындағы банк карталарының көмегімен төлей алады.

Анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының-1414 (3) тегін нөмірі бойынша немесе салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгіне алады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы басқармасы