Жарияланған күні: 31.10.2024 16:49
Өзгертілген күні: 31.10.2024 16:52

Өңірлік коммуникациялар қызметінде кедендік бағытқа жетекшілік ететін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Руслан Рахимбердінің қатысуымен брифинг өтті.

Павлодар облысы бойынша МКД-ның 2024 жылдың 9 айы үшін кедендік әкімшілендіру бағытындағы қызметінің қорытындылары брифингтің басты тақырыбы болды.

– Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2024 жылдың 9 айы үшін республикалық бюджетке 12 366,9 млн. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін қамтамасыз етті. 9 айы үшін сыртқы сауда айналымы 2600 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының негізгі үлесі экспортқа тиесілі – 87%, импорт 13% құрайды. Биыл Департаментпен кедендік бақылаудан кейінгі бақылау күшейтілді – бұл тауарлар шығарылғаннан кейін жүргізілетін кедендік бақылау нысаны. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бюджетке 1 млрд. теңгеден астам қаражат есептелді, 900 млн. теңгеге жуық кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді, – деп атап өтті Руслан Рахимберді.

БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы