
2024 жылдың 15-ақпанына дейін тапсыру қажет:
101.03. СЕН - Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;
101.04. СЕН - Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп;
200.00. СЕН - ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
300.00 СЕН - Қосылған құн салығы бойынша декларация;
400.00 СЕН - Акциз бойынша декларация;
421.00 СЕН - Құрылымдық бөлімше үшін акцизді есептеу;
570.00 СЕН - Экспортқа рента салығы бойынша декларация;
590.00 СЕН - Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация;
710.00 СЕН - Ойын бизнесі салығы бойынша декларация;
860.00 СЕН - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация;
870.00 СЕН - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша декларация;
910.00 СЕН - Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация;
913.00 СЕН - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация;
701.01 СЕН "Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі".
2024 жылдың 20-ақпанына дейін тапсыру қажет:
328.00 СЕН - Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш;
851.00 СЕН "Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдердің сомалар есебі".
2024 жылдың 20 ақпанына дейін келесі төлемдерді төлеу қажет:
- Акциз + құрылымдық бөлімше үшін акциз+
- ЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың сомалары.
2024 жылдың 26 ақпанына дейін келесі төлемдерді төлеу қажет:
- Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары
- КТС бойынша аванстық төлемдер
- Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алым
- Төлем көзіндегі КТС
- Экспортқа рента салығы бойынша төлем
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша төлем
- Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
- Қосылған құн салығы
- жарты жылдық Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация бойынша салықтар мен төлемдер
- Сандық майнинг бойынша төлем
- Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлем
- Ойын бизнесіне салынатын салық
- Бөлшек салық
- Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер
- Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнің ағымдағы төлемі
- Жалақыдан бірыңғай төлем