Жарияланған күні: 29.08.2025 18:30
Өзгертілген күні: 29.08.2025 18:31

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары аясында Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында семинар өтті.

 

Семинар барысында салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер егжей-тегжейлі қарастырылды. Арнайы салық режимдерін қолдану сұрақтарына ерекше назар аударды.

 

Іс-шараға қатысушылар алдағы жаңашылдықтармен танысып қана қоймай өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы