
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мамандары "Тура жол" жобасы аясында өткен "Құмар ойындарға тәуелділік: алдын алудың кезеңдері мен тиімді тәсілдері" тақырыбында семинар-тренингке қатысты.
Лудомания, патологиялық ойынға тәуелділік мәселесі соңғы жылдары мамандар мен жұртшылықты көбірек алаңдатып отыр.
Іс-шара спикері, психотерапевт, жоғары санатты нарколог Ләззат Бақтыбаева ойынға тәуелділіктің себептері, оның кезеңдері мен алдын алу әдістері туралы айтып берді.
Семинарға қатысушылар құмар ойындардың қалай қалыптасатынын, оның негізінде қандай психологиялық механизмдер жатқанын және ерте кезеңдерде тәуекелдерді жеңуге не көмектесетінін білді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы