Жарияланған күні: 20.05.2026 12:56
Өзгертілген күні: 20.05.2026 13:05

УҚұрметті Павлодар облысының тұрғындары! Мобильді аударымдарды тексеру тақырыбы көп сұрақ туындатып жатыр. Сондықтан нақты түсіндіріп өтейін, алаңдауға негіз жоқ: жеке шоттар бірден бұғатталмайды.

Естеріңізге саламын, мемлекеттік кірістер органдарының бақылауына мына үш жағдай қатар келгенде ғана ілігесіз:

Біріншісі – сіздің шотыңызға жүзден аса түрлі адамнан ақша түссе. Екіншісі – бұл жағдай қатарынан үш ай қайталанса. Және үшіншісі – осы уақыт ішінде түскен жалпы сома 1 миллион 20 мың теңгеден асса.

Көпшілік бұл сома қайдан шықты деп сұрайды. Түсіндіре кетейін: заң бойынша тексеру шегі ең төменгі жалақыға байланысты. Яғни, аударымдар сомасы 12 ең төменгі жалақыдан асуы керек. 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Оны 12-ге көбейтсек, дәл сол 1 миллион 20 мың теңге шығады.

Атап өткім келеді: отбасыңызға, достарыңыз бен әріптестеріңізге жіберген шағын аударымдар тексерілмейді. Біздің басты мақсатымыз – жасырын кәсіпкерлікті анықтау.

Тіпті сіздің аударымдарыңыз осы шарттарға сәйкес келсе де, біз тек хабарлама ғана жібереміз. Түсініктеме беруге немесе жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелуге 30 күн уақытыңыз болады. Шотты бұғаттау – ең соңғы шара.

Ашық жұмыс істеңіздер, уайымдамаңыздар!