Жарияланған күні: 14.10.2025 11:51
Өзгертілген күні: 14.10.2025 11:52

Бизнес-қоғамдастық, мәслихаттар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен Семинар жаңа Салық кодексінің ережелерін қоса алғанда, жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың негізгі аспектілерін түсіндіруге арналды.

 

Іс-шараға Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қанат Құлназаров, Ауыл шаруашылығы министрлігінің аграрлық ғылым және білім департаментінің директоры Айхан Сұлтан және облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жамбайбек қатысты.

 

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ерлан Сағынаев жаңа Салық кодексінің негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

 

– Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді ауқымды оңайлатуды көздейді: салық есептілігінің көлемі 30% - ға, салықтардың саны 20% - ға қысқарады, жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылады. Салықтар аз болады: бірыңғай жер салығы жойылады, жеке төлемдер бойынша мөлшерлемелер мен алымдардың саны азаяды. Маңызды өзгерістер корпоративтік және жеке табыс салығынан бастап инвестицияларды ынталандыруға және салық жүктемесін қайта бөлуге дейінгі барлық негізгі бағыттарға әсер етті, – деп атап өтті Ерлан Сағынаев.

 

Семинар барысында кәсіпкерлік қоғамдастықты толғандыратын өзекті мәселелер де талқыланды. Әкімшілік кедергілерді азайту шараларына ерекше назар аударылды.

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы