
Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында "Салық даулары бойынша өзекті сот практикасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері қатысты.
МКД заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова іс-шараға қатысушыларды мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілік актілеріне салық төлеушілердің талаптарын соттың қарау қорытындыларымен таныстырып, сот практикасы салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар талқыланатын тақырыптың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы